1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 100 мың теңгеге жеткен.
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 894 миллиард теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2021 жылдың қаңтар - сәуір айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 274,2 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 620,1 миллиард теңге бағытталды.
2021 жылдың сәуір айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 223,2 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 68,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 154,8 миллиард теңге бөлінді.
2021 жылғы 1 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 2 миллион 245 мың зейнеткер бар.
"Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 100 мың теңгені құрады", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.

- Категория
- Автокредиты
- Теги
Комментарии