СҮЙІНШІ. МИНИСТР БАСПАНА ТУРАЛЫ АЙТТЫ. ТАРАТЫҢДАР

Спасибо! Поделитесь с друзьями!

Вам не понравилось видео. Спасибо за то что поделились своим мнением!

Добавлено от kreker
155 Просмотры
Қазіргі кезде әкімдіктердің баспана кезегінде 562 мың адам тұр
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов әкімдік кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазіргі кезде әкімдіктердің баспана кезегінде 562 мың адам тұр. Олардың ішінде отбасының әрбір мүшесіне шаққанда айлық табысы бір күнкөріс деңгейінен аспайтын 185 мың адам бар. Олар үшін үйді жалға алу құнын субсидиялау тетігін енгізіп жатырмыз. Осы санаттағы адамдардың басым бөлігі – көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүгедек баланы асырап отырғандар және тағы басқа әлеуметтік осал топтар", - деді Атамқұлов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Министрдің айтуынша, жалға алынған үйдің ақысының бір бөлігі мемлекет тарапынан өтеледі. Әрбір аймақта субсидияның көлемі әртүрлі болады. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан мен Алматыда - 31 айлық есептік көрсеткіш (90 427 теңге), басқа аймақтарда - 21 АЕК (61 257 теңге), ал ауылды жерлерде 15 АЕК (43 755 теңге) көлемінде үйді жалға алу құны төленеді.
"Баспана кезегінде тұрған және айлық табысы бір күнкөріс деңгейінен жоғары қалған 377 мың адамға Отбасы банк арқылы кредиттік баспана, сондай-ақ, жеңілдетілген ипотека ұсынылады. Осы санатқа мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала қызметкерлері, толық емес отбасылар және тағы басқа азаматтар кіреді", - деп атап көрсетті Атамқұлов.
Категория
Ипотека
Теги

Написать комментарий

Комментарии

Комментариев нет.