24 сағаттың ішінде ипотекаға баспана алуға мүмкіндігіңіз бар!

Спасибо! Поделитесь с друзьями!

Вам не понравилось видео. Спасибо за то что поделились своим мнением!

Добавлено от marina mironova
135 Просмотры
Енді қазақстандықтар 24 сағаттың ішінде ипотекаға үй ала алады. Ол үшін Фридом Финанс Банкінің сайтына кіріп, онлайн өтініш бересіз. Яғни, өзге ипотекаларды рәсімдегендей банкке барудың қажеті жоқ. Автоматты жүйе несие беруді санаулы секунд ішінде, ал займды рәсімдеу процесін санаулы минутта бітіреді. Ал, 24 сағаттың ішінде толық баспаналы боласыз. Ипотека мерзімі үш жылдан 15 жылға дейін. Алғашқы жарна 20 пайыздан, ал жылдық мөлшерлемесі 10 жарым пайыздан басталады. 1 күннің ішінде ипотека рәсімдейтін мұндай жүйе әзірге әлем бойынша Қазақстанда ғана бар.
Енді бір күннің ішінде баспаналы болуға керемет мүмкіндік бар. Үй алу үшін банкке барудың қажеті жоқ. Өтінішті банк сайтында, онлайн бересіз. Ол жерде тек телефон номеріңіз бен жеке сәйкестендіру номерін терсеңіз болғаны. Банк сіз туралы барлық ақпаратты, яғни: несие тарихыңыз, салықтық қарызыңыздың бар немесе жоқтығын, қай мекемеде істейтініңізді, атыңызда мүліктің бар-жоғын автоматты түрде қарап алады.
ТИМУР ТУРЛОВ, Freedom Holding Corp. холдингінің негізін қалаушы:
– Осы ипотекадан кейін біз тура осындай жүйемен цbфирлық автокредит беруді де текстілеп көрмекпіз. Халық көлік алғанда да дәл осылай аз уақытта, ешқайда шапқыламай, барлығына онлайн қол жеткізсе дейміз. Яғни, үй мен көлік алу, смартфон алу секілді тез болады.
Ең бірінші қадамыңыз:сайтта несие калькуляторы арқылы өзіңіз алғыңыз келген баспананың құнын енгізіп, ай сайынғы төлемін есептеп алу. Одан кейін банкке ипотека рәсімдеуге өтініш бересіз. Банк санаулы минуттың ішінде шешім шығарады. Мақұлдаса әрі қарай баспанаға бағалау жасатасыз, сатып алу-сату шартын жасайсыз, одан соң құжатқа қол қоясыз.Сіз тек үйді бағалауға және нотариустің қызметіне ғана ақысын төлейсіз. Банк ипотеканы рәсімдеп бергені үшін комиссия алмайды.
АЙДОС ЖҰМАҒҰЛОВ, Freedom Finance Bank директорлар кеңесі жанындағы кеңесші:
– Ешқандай комиссия жоқ. Біздің процесте бірінші шешімді аласыз, одан кейін бағалауды аласыз пәтердің бағалауын, содан кейін сіз келіссеңіз сол бағалаумен тек қана сол кезде төлейсіз оценочная компанияға.
Цифрлық ипотека жүйесі барлығын автоматты түрде істейді. Сіз тек сатып алу-сату келісімшартын бекіту үшін ғана нотариуске барасыз. Соңғы кезең - сатушының шотына ақша түседі, үй сіздің атыңызға өтеді. Одан кейін қоныс тойын тойлай берсеңіз болады!
Айбар Төлжанұлы, Нұркен Тоқмурзин









Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1
Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/
Instagram - https://instagram.com/informburo31
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

#FreedomFinance #ипотека #баспана
Категория
Ипотека
Теги

Написать комментарий

Комментарии

Комментариев нет.